» » » "ДЕМЕУ" ГРАНТТАРЫ - "БАЙҚОҢЫР" ӘКК ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗІНДІК БАСТАМАСЫ

"ДЕМЕУ" ГРАНТТАРЫ - "БАЙҚОҢЫР" ӘКК ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗІНДІК БАСТАМАСЫ

Күні: 08.01.2016 ж. 
 
Жаңа жылда облыстағы кәсіпкерлер қатары тағы да сексен бір адамға өсті. Бұл «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ-ның ерікті әлеуметтік бастамасының шеңберінде жүргізіліп отырған «Қармақшы және Жалағаш аудандарының микробизнес субъектілерін қолдау» Бағдарламасының «Демеу» гранттары арқасында мүмкін болып отыр.
 
2016 жылдың 8-ші қаңтарында облыстық әкімшілікте «Қармақшы және Жалағаш аудандарының микробизнес субъектілерін қолдау» Бағдарламасының «Демеу» грант куәліктерін тапсыру салтанаты өткізілді.
 
Осы Бағдарламаның міндеттері жаңа жұмыс орындарын құру, жаңа өндірістер мен қызметтер құру және Қармақшы, Жалағаш аудандарының жұмыспен қамтылмаған жастары, жұмыссыз әйелдері және мүмкіндігі шектеулі азаматтары қатарындағы бастауыш кәсіпкерлерінің белсенділігін арттыру болып табылады.
 
Бағдарлама шеңберінде жарияланған өтінімдер конкурсына барлығы 330 өтінім келіп түсті. Жобаларды бастапқы іріктеу шаралары аудандық әкімдіктермен жүргізілді.
 
«Демеу» гранттарына халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы – көп балалы аналар, жұмыссыздар, мүгедектердің, демек банктік несиелерден үмітсіз азаматтардың қатысуы Бағдарламаға айрықша маңыз береді.
 
Осы орайда облыстың 60 пайыз халқы ауылдық жерде өмір сүретінін айта кету қажет. Қайтарымсыз грант – өз ісін бастаймын деушілерге үлкен көмек.
 
Сайыс нәтижелері бойынша 81 адам жеңімпаз болып табылды. Олардың әрқайсысы «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ-нан өз ісін бастауға грант алатын болады.
 
Жеңімпаз жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде Қармақшы және Жалағаш аудандарында 13 тігін цехты, 10 бөдене, қаз, тауық өсіру шаруашылығы, 7 шағын наубайхана, 6 кондитерлік цех, 5 аяқ киім жөндеу шеберханалары, 4 жихаз цех, 3 вулканизация, 2 жылыжай, 2 шаштараз, 1 ТЖО, 1 балабақша, монша және тағы басқа өндірістер ашылуы жоспарлануда.
 
Куәлік табыстау рәсімі облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ-ы басқарма төрайымы Жанат Самат және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Н.С. Байқадамовтың қатысуымен өтті.
 
ГРАНТЫ "ДЕМЕУ" - ДОБРОВОЛЬНАЯ СОЦИАЛЬНАЯ ИНИЦИАТИВА СПК "БАЙКОНУР"

08 қаңтар 2016 г. 1 632
  • Информационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»
  • АО «Фонд развития предпринимательства «ДАМУ»
  • Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»
  • Invest In Kazakhstan
  • Baiterek National Holding
  • ИПС Әділет
  • Европейский банк реконструкции и развития (ЕБРР)
  • EUROBAK - European Business Association of Kazakhstan
  • KOTRA
  • МИР РК
  • KazExportGarant
  • Казахстанский фонд фондов прямых инвестиций - АО Kазына Капитал Менеджмент
  • Национальное агентство по экспорту и инвестициям KAZNEX INVEST
  • АО НАТР
  • Банк развития Казахстана (БРК)