» » » ҚЫЗЫЛОРДАДА ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫН САЛУ ҮШІН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫН САЛУ ҮШІН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Күні: 27.11.2015 ж. 
 
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен ICMD (International Corporation of Metal and Development Holding GmbH) неміс компаниясының бас директоры Юрген Хайнмен кездесіп, Қызылордада салынатын ферроқорытпа зауытның жобасын талқылады.
 
Осы басқосу аясында Қызылорда облысының әкімідігі мен ICMD неміс компаниясы және Қызылорда қаласының әкімдігі арасында «Арнайы және кешенді қорытпа шығаратын ферроқорытпа зауытының құрылысы» мен «Қуаттылығы кемінде 150 МВт газтрубиналық электр станциясы» жобасын жүзеге асыру үшін үшжақты келісімге қол қойылды.
 
Ортақ келісім негізінде ICMD компаниясы шығарылатын қорытпа өнімінің әлемдік бағасымен, оған қоса кем дегенде 250 АҚШ доллар бағасымен өткізуді мойнына алып отыр. Бұған дейін зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесін «Байқоңыр» ӘКК дайындаған болатын. Осы жобаны жүзеге асыру үшін корпорацияға Қызылордадағы индустриалдық аймақтан 50 гектар жер берілді.
 
- Ферроқорытпа зауытының құрылысы 2016 жылы басталады. Қазіргі уақытта Қызылорда облысы қарқынды даму үстінде. Америкалық әріптестермен бірлесіп шыны зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Германиялық инвесторлардың көмегімен үй құрылыс комбинаты бітуге жақындады. Сонымен қатар, машина жасау және ферроқорытпа зауыттарының жобалары дайын. Отандық инвесторлар кальцийленген сода шығаруды қолға алып отыр. Атап өтетін бір мәселе біз қазірден бастап ферроқорытпа зауыты мен басқа да индустриалдық жобаларда жұмыс істейтін кадрларды дайындап жатырмыз. Қызылордалық түлектердің Мәскеу мен Санкт-Петербургтың маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алуларына жағдай жасап отырмыз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
 
- Жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсетіп отырған Қызылорда облысының әкімдігіне алғыс айтамын. Бұл өте үлкен және маңызды жоба. Оның екінші кезеңінде зауытты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қуаттылығы кемінде 150 МВт газтрубиналық электр станциясы салынады. Бұл сияқты ірі жобалардың электр шығындары да ауқымды, - деді ICMD неміс компаниясының бас директоры Юрген Хайн.
 
 

27 қараша 2015 г. 1 066
  • Информационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»
  • АО «Фонд развития предпринимательства «ДАМУ»
  • Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»
  • Invest In Kazakhstan
  • Baiterek National Holding
  • ИПС Әділет
  • Европейский банк реконструкции и развития (ЕБРР)
  • EUROBAK - European Business Association of Kazakhstan
  • KOTRA
  • МИР РК
  • KazExportGarant
  • Казахстанский фонд фондов прямых инвестиций - АО Kазына Капитал Менеджмент
  • Национальное агентство по экспорту и инвестициям KAZNEX INVEST
  • АО НАТР
  • Банк развития Казахстана (БРК)