» » » Қызылорда қаласында «Жан-Арай» ЖШС агроиндустриялық кешені ашылды.

Қызылорда қаласында «Жан-Арай» ЖШС агроиндустриялық кешені ашылды.

 
Агроиндустриялық кешенін ашу салтанатында облыс әкімі Қ.Көшербаев және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы А. Евниевтің қатысумен «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-мен біріккен кәсіпорын «Жан-Арай Жем» ЖШС-нің неміс технологиясы бойынша тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіретін зауыты іске қосылды.
 
Бұл жобаның басты мақсаты өңірде мал, құс шаруашылығын және тауарлы балық өндірісін дамытуды ынталандыру мақсатында түйіршіктелген құрама жем шығару.
 
Кешеннің сыртқы инфрақұрылымы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жеткізілді.
 
Кешеннің ашылуына қатысушылар завод аумағында орналасқан әкімшілік ғимаратпен, қалталау цехы, зертхана, автотаразы және шикізат және дайын өнімдер сақтайтын қоймалармен таныстырылды.
 
Сонымен қатар, Агроиндустриялық кешенінің құрамына кіретін қуаттылығы тәулігіне 150 тонна күріш салысын өңдейтін Оңтүстік кореялық күріш ақтау зауыты пайдалануға берілді.
 
Бұл жобалар толық қуатына шыққан уақытта 250 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
 
Жақын аралықта агроиндустриялық кешенінде төмендегідей өндіріс орындарын ашу жоспарлануда:
- Ұн тарту зауыты;
- Күріш майын өндіру зауыты;
- Макарон өнімдерін шығару зауыты;
- «А» сыныпты қоймалар.
 
Жалпы аталған нысанның басты мақсаты – салада мультипликативтік тиімділік беретін ауыл шаруашылығының барлық үлкен жобаларын бір тұтастай кешенге шоғырландыру болып табылады.
 
Бұл шараға, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Шауқаманов, облыстық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылшаруашылығы құрылымдарының басшылары, Қызылорда облысы кәсіпкерлерінің өңірлік кеңесінің төрағасы А. Махамбетов және тиісті сала басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
 

 

В г. Кызылорда открылся агроиндустриальный комплекс ТОО «Жан-Арай»

 

В г. Кызылорда открылся агроиндустриальный комплекс ТОО «Жан-Арай»

 

В г. Кызылорда открылся агроиндустриальный комплекс ТОО «Жан-Арай»

 

В г. Кызылорда открылся агроиндустриальный комплекс ТОО «Жан-Арай»


  • Информационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»
  • АО «Фонд развития предпринимательства «ДАМУ»
  • Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»
  • Invest In Kazakhstan
  • Baiterek National Holding
  • ИПС Әділет
  • Европейский банк реконструкции и развития (ЕБРР)
  • EUROBAK - European Business Association of Kazakhstan
  • KOTRA
  • МИР РК
  • KazExportGarant
  • Казахстанский фонд фондов прямых инвестиций - АО Kазына Капитал Менеджмент
  • Национальное агентство по экспорту и инвестициям KAZNEX INVEST
  • АО НАТР
  • Банк развития Казахстана (БРК)