«Біз сіздермен біргеміз»! атты Қайырымдылық акциясы
«Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» 20 игі іс эстафетасы» аясында «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-мы және серіктестері Қызылорда қаласының аз қамтамасыз етілген 50 отбасына азық-түлік өнімдерімен қайырымдылық акциясы арқылы көмек көрсетуде.
Сонымен қатар, қайырымдылық акциясына демеу көрсеткендер: «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС, «Мирас» сауда орталығы, «Дәмді» сауда маркасы, «Таң» шаруа қожалығы және «Мия Шиелі» ЖШС.
Азық-түлік корзинасында 14 түрлі өнімдердің түрлері бар:
1. 1 сортты ұн (5 кг);
2. Қант (5 кг);
3. Күріш (5кг);
4. Макарон (5кг);
5. Қарақұмық жармасы (5кг);
6. Өсімдік майы (5 литр);
7. Картоп (5кг);
8. Сәбіз (5 кг):
9. Жуа (5 кг);
10. Тауық еті (1 дана);
11. Жеміс-жидектер;
12. Конфет (2 кг);
13. Шай (0,5 кг);
14. Шұжық (2 дана).
Қызылорда қаласының аз қамтамасыз етілген 50 отбасы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жасаған тізім бойынша Қызылорда қаласының Жаппасбай батыр, 137 мекен-жайда орналасқан «Алтын қамба» сақтау қоймасынан таратылды.
Ал, жүруге қабілетсіз мүгедек жандарға азық-түлік уйлеріне дейін жеткізілді.