» » » VanHool автобустары Қазақстанда құрастырылмақ

VanHool автобустары Қазақстанда құрастырылмақ

Қазақстанда VanHool компаниясы бельгиялық технология бойынша автобустар құрастырмақ. Бірлескен бастама Қызылорда облысында жүзеге асырылады. Жобаның жалпы құны – 10 млн еуро. Оның жартысы қазақстандық тараптың, қалғаны бельгиялықтардың қаржысы. «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы мен VanHool машина жасау компаниясы өзара әріптестік орнатты. Нәтижесінде ЕХРО-2017 көрмесі кезінде әуежай мен көрме павильондары арасында электроавтобустар қатынайтын болады.
 
В Казахстане начнут производство автобусов VanHool 
 
Ян Ван Хол, VanHool компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі:
- Бірінші кезекте автобустың сыртқы дизайнына аса мән бердік. Сондай-ақ қауіпсіздігі жоғары. Қоршаған ортаға еш зиян келтірмейді. Электроавтобусты 10 минут қуаттандырса, 40-50 шақырымға дейін жүре береді. Біз бұл модельді Астананың қақаған аязына шыдайтындай етіп жасамақпыз.
 
Бельгиялық компания өкілдері Астана, Алматы және Қызылордаға барып келіссөздер жүргізген. Енді жергілікті компаниялар Еуро-5 стандарттарына сай жасалған қалааралық EX-15 автобустарымен жабдықталмақ. Қазақстандық тарап та Лиир қаласындағы VanHool зауытына барып өндірісті өз көздерімен көріп қайтты. Бірлескен жобаның Қазақстанға берері көп. Жаңа жұмыс орындары мен білікті мамандар оқытуға мүмкіндік бар.
 
Герт Ван Хэкке, VanHool компаниясының қаржылық директоры:
- Техникалық жағынан барлығы көңілімізден шығады. «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып, VanHoll автобустарының бөлшектерін Қызылордада жасау көзделуде. Сондай-ақ ЕХРО-2017 көрмесінде біз өзіміздің электроавтобусымызды әлемге паш етуді көздеп отырмыз.
 
«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Темірхан Кенжебаевтың айтуынша, бастапқыда автобус бөлшектерінің 4/1-і Қазақстанда өндірілетін болады. Ал Қызылордада шыны зауыты ашылса, жергілікті өнімнің үлесі де арта түсетіні белгілі. Сондай-ақ Еуропа мен Америкаға өз өнімімізді экспорттауға да мүмкіндік ашылады.
 

Источник: www.24.kz/kz
 

В Казахстане начнут производство автобусов VanHool
В Казахстане начнут производство автобусов VanHool
В Казахстане начнут производство автобусов VanHool
В Казахстане начнут производство автобусов VanHool
В Казахстане начнут производство автобусов VanHool 


  • Информационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»
  • АО «Фонд развития предпринимательства «ДАМУ»
  • Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»
  • Invest In Kazakhstan
  • Baiterek National Holding
  • ИПС Әділет
  • Европейский банк реконструкции и развития (ЕБРР)
  • EUROBAK - European Business Association of Kazakhstan
  • KOTRA
  • МИР РК
  • KazExportGarant
  • Казахстанский фонд фондов прямых инвестиций - АО Kазына Капитал Менеджмент
  • Национальное агентство по экспорту и инвестициям KAZNEX INVEST
  • АО НАТР
  • Банк развития Казахстана (БРК)