» » » Қызылордада "Қызылорда облысы мен ҚХР-ның Цзянси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық" тақырыбында форум өтті

Қызылордада "Қызылорда облысы мен ҚХР-ның Цзянси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық" тақырыбында форум өтті

26 маусым күні Қызылордада "Қызылорда облысы мен ҚХР-ның Цзянси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық" тақырыбында форум өтті. Оған Цзянси провинциясы Халық үкіметінің Вице-губернаторы Лью Чанглин сондай-ақ, Цзянси провинциясының халықаралық сауда ұйымдарына жәрдемдесу Қытай кеңесінің төрайымы Лью Гуилан қатысты.
 
Бұдан басқа, Қызылорда облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өткізіліп отырған форумға Қытай Халық Республикасының 20-дан астам компанияларының басшылары мен өңіріміздің 40-тан астам шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
 
Форум қорытындысы бойынша Қызылорда облысының әкімдігі мен Қытай Халық Республикасының Цзянси провинциясы 450,5 млн. АҚШ долларын құрайтын бірнеше жобаны жүзеге асыру үшін 13 меморандумға қол қойылды. Олар: жылдық қуаттылығы 750,0 мың тонна болатын Цемент зауытының құрылысы, қуаттылығы 24,94 МВт-тық және 75 МВт-ты құрайтын Жел-күн электр станциясы, Силикат кірпіш шығаратын зауыт, Қызылорда қаласының сол жақ жағалау бөлігінде жаңа ауданды жоспарлау, 50 мың бас қойды бордақылауға арналған алаң мен қуаттылығы жылына 7000 тонна болатын ет комбинатын, жылыжайлар мен май өндірісі, көкөніс қоймаларын салу жобалары.
 
Сонымен қатар, «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» ҰК» АҚ және «Еуразиялық Наньчан өнеркәсіп» ЖШС арасында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша «Қызылорда облысында ет комбинатының құрылысы», «Қызылорда облысында салфор өсіру және салфор өңдеу зауытының құрылысы», «Қызылорда облысында мия өсіру және мия тамырын өңдеу зауытының құрылысы», «Қызылорда облысында көкөніс қоймасымен жылыжай кешенінің құрылысы» жобалары бойынша 4 меорандумдарға қол қойылды.
 
Сонымен қатар, Қызылорда облысының Кәсіпкерлер Палатасы және Цзянси провинциясының халықаралық сауда ұйымдарына жәрдемдесу Қытай кеңесінің арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Цзянси провинциясының делегациясы Қызылорда облысына сапары аясында "Агроөнеркәсіптік кешен", "Жан-Арай" ЖШС-нің жұмысымен танысып, Сыр өңірінің көрікті жерлерін аралады. Сондай-ақ, Қытай делегациясы жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, В2В форматында кездесу өткізді.
 
  • Информационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»
  • АО «Фонд развития предпринимательства «ДАМУ»
  • Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»
  • Invest In Kazakhstan
  • Baiterek National Holding
  • ИПС Әділет
  • Европейский банк реконструкции и развития (ЕБРР)
  • EUROBAK - European Business Association of Kazakhstan
  • KOTRA
  • МИР РК
  • KazExportGarant
  • Казахстанский фонд фондов прямых инвестиций - АО Kазына Капитал Менеджмент
  • Национальное агентство по экспорту и инвестициям KAZNEX INVEST
  • АО НАТР
  • Банк развития Казахстана (БРК)