» » » Қызылорда қаласында VІІІ «Байқоңыр Инвест» Инвестициялық форумы өткізілді

Қызылорда қаласында VІІІ «Байқоңыр Инвест» Инвестициялық форумы өткізілді

Қызылорда облысының әкімдігі 2016 жылдың 17-18 қараша күндері Қызылорда және Байқоңыр қалаларында кезекті VІІІ «Байқоңыр Инвест» Инвестициялық форумын өткізді.
 
Дәстүрге айналған «Байқоңыр Инвест» форумы инвестициялаудың маңызды мәселелерін талқылау және шешу жолдарын қарастыратын, ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ететін сындарлы диалог алаңына айналды.
 
Форумның басты мақсаты- шетелдік және отандық инвесторлар мен өңірлік компаниялар арасында өзара серіктестік орнату, сонымен қатар өзекті экономикалық идеяларды дамыту арқылы экономиканы модернизациялау және түбегейлі инвестициялық жобаларға ықпал ету үшін бизнес, ғылым, билік өкілдерін біріктіру.
 
Форумға еліміздің барлық аймақтарының және шет мемлекеттердің бизнес-қоғамдары, банк секторы, мемлекеттік органдар, даму институттары, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары және Иран, Ресей, Германия, Швейцария, Франция, АҚШ, Қытайдың дипломатиялық өкілдері қатысады деп күтілуде. Атап өту қажет, форумға Әзірбайжан, Белоруссия, Бельгия Корольдігінің дипломатиялық корпус өкілдері, және Өзбекстанның ресми делегациясы алғаш рет қатысты.
 
Форумның негізгі пленарлық отырысы инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне арналмақ. Бұдан бөлек 3 секциялық отырыс өткізіледі. Онда «инвесторларға арналған жаңа перспективалар», «ауыл шаруашылығы өндірісінің кооперациясы», «B2B форматында халықаралық ынтымақтастық» мәселелері қарастырылды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев VIII «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумының пленарлық отырысында мәлімдеді. - Біз бүгінгі форумда Әзірбайжан, Белоруссия, Бельгия Корольдігінен арнайы өкілдер, Өзбекстаннан ресми делегациялар келгендігін қуанышпен хабарлаймыз. Сондай-ақ залда Ұлыбритания, Ресей, Германия, Швейцария, Франция, АҚШ және Қытай халықаралық қаржы институттары мен бизнес өкілдері, дипломаттар қатысып отыр. Бұдан бөлек, форумға Қашаған кен орнын игеру жобасының негізгі операторы – «NCOC» компаниясының делегациясы қатысуда. Жалпы форумға 11 елден өкілдер келді. Бұл – инвесторлардың Қызылорда облысындағы жобаларға қызығушылық танытып отырғандығының белгісі,- деді облыс әкімі.
  

18 қараша 2016 г. 1 296
  • Информационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»
  • АО «Фонд развития предпринимательства «ДАМУ»
  • Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»
  • Invest In Kazakhstan
  • Baiterek National Holding
  • ИПС Әділет
  • Европейский банк реконструкции и развития (ЕБРР)
  • EUROBAK - European Business Association of Kazakhstan
  • KOTRA
  • МИР РК
  • KazExportGarant
  • Казахстанский фонд фондов прямых инвестиций - АО Kазына Капитал Менеджмент
  • Национальное агентство по экспорту и инвестициям KAZNEX INVEST
  • АО НАТР
  • Банк развития Казахстана (БРК)