» » » ҚЫЗЫЛОРДАДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

КО ДНЮ НЕЗАВИСИМОСТИ В КЫЗЫЛОРДЕ ПРЕЗЕНТОВАН МОСТ ЧЕРЕЗ СЫРДАРЬЮ
Сырдария өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді. Оның құрылысы 2014 жылдың шілде айында басталған болатын.
 
Көпірдің ұзындығы 368 метр. Көпір 9 тіректен жəне 8 аралықтан құралған. Көпірдің жүру бөлігі 14 метр, 4 қозғалыс жолағы бар. 
 
Көпірдің салтанатты ашылу барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және ауқымды жоба сол жағалаудағы жаңа қаланың құрылысының басталуымен құттықтады. «Алдағы жылдан бастап, біз қаланың сол жақ жағалауын кешенді түрде дамытуды, ірі құрылыс нысандарын салуды бастаймыз. Онда көлемі 1500 гектардан астам жер дайындалып отыр. Үлкен жобаны жүзеге асыру мақсатында облыстық штаб құрылды. Инвестициялық аймақта 11 тұрғын аудан, индустриалдық аймақ және 3 ірі парк қарастырылып, халықтың сапалы өмір сүруіне қажетті әлеуметтік нысандар, бизнес орталықтары, сауда орындары бой көтеретін болады. Оның ішінде 46 балабақша, 23 мектеп, университет қалашығы, 2 көпсалалы аурухана, қарттарға арналған пансионат, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернат, емханалар, күндізгі стационарлар мен дәріханалар қарастырылған. Сонымен қатар, үлкен ән аренасы, этнографиялық музей кешені, Қорқыт ата интерактивті музейі, балалар шығармашылығы сарайы, саз мектебі, цирк, драма театр, стадион, «Құстар әлемі» оранжереясы мен Медиа орталығы, демалыс орындары орналасады. Сол жағалау аумағында болашақта жүз мыңнан астам адам тұрады деп есептелуде» - деді облыс әкімі.
 
КО ДНЮ НЕЗАВИСИМОСТИ В КЫЗЫЛОРДЕ ПРЕЗЕНТОВАН МОСТ ЧЕРЕЗ СЫРДАРЬЮ
КО ДНЮ НЕЗАВИСИМОСТИ В КЫЗЫЛОРДЕ ПРЕЗЕНТОВАН МОСТ ЧЕРЕЗ СЫРДАРЬЮКО ДНЮ НЕЗАВИСИМОСТИ В КЫЗЫЛОРДЕ ПРЕЗЕНТОВАН МОСТ ЧЕРЕЗ СЫРДАРЬЮ
КО ДНЮ НЕЗАВИСИМОСТИ В КЫЗЫЛОРДЕ ПРЕЗЕНТОВАН МОСТ ЧЕРЕЗ СЫРДАРЬЮ
 
 
Ақпарат дереккөзі: ҚАЗАҚПАРАТ
13 желтоксан 2016 г. 1 369
  • Информационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»
  • АО «Фонд развития предпринимательства «ДАМУ»
  • Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»
  • Invest In Kazakhstan
  • Baiterek National Holding
  • ИПС Әділет
  • Европейский банк реконструкции и развития (ЕБРР)
  • EUROBAK - European Business Association of Kazakhstan
  • KOTRA
  • МИР РК
  • KazExportGarant
  • Казахстанский фонд фондов прямых инвестиций - АО Kазына Капитал Менеджмент
  • Национальное агентство по экспорту и инвестициям KAZNEX INVEST
  • АО НАТР
  • Банк развития Казахстана (БРК)