» » » СЫР ЕЛІНДЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС САЛАСЫНДА 5 МЫҢНАН АСТАМ КӘСІПОРЫН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

СЫР ЕЛІНДЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС САЛАСЫНДА 5 МЫҢНАН АСТАМ КӘСІПОРЫН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Бұл жайында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпандағы халық алдындағы есепті кездесуінде айтты.
 
Өзін өзі жұмыспен қамтушылар мен жұмыссыздарды шағын кәсіпкерлік саласына тарту аймақ үшін 2017 жылғы негізгі міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы, шағын бизнес әлеуметтік тұрақтылықты және экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді деп атап көрсеткен. -
 
Сондықтан, былтыр біз шағын несиелендіруге бөлінген қаржыны 2015 жылға қарағанда 2,5 есеге дерлік ұлғайттық (2,5 млрд теңге). Шағын және орта бизнеске, оның ішінде агроөнеркәсіп саласы да бар, барлық қаражат көздерінен 16 млрд теңге қаржы бағытталды. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық, – деп атап өтті Қ.Көшербаев.
 
Бүгінде облыста Сыр өңірінің экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатының тұрақтылығына тікелей әсер ететін 5 мыңнан аса орта және шағын кәсіпкерлікпен нысандары және 33 мыңнан астам дара кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Бұл салада 100 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған, бұл облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының үштен бірі деген сөз.
  
  • Информационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»
  • АО «Фонд развития предпринимательства «ДАМУ»
  • Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»
  • Invest In Kazakhstan
  • Baiterek National Holding
  • ИПС Әділет
  • Европейский банк реконструкции и развития (ЕБРР)
  • EUROBAK - European Business Association of Kazakhstan
  • KOTRA
  • МИР РК
  • KazExportGarant
  • Казахстанский фонд фондов прямых инвестиций - АО Kазына Капитал Менеджмент
  • Национальное агентство по экспорту и инвестициям KAZNEX INVEST
  • АО НАТР
  • Банк развития Казахстана (БРК)