» » » ЖОБА БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

ЖОБА БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

Облыс орталығындағы әуежай терминалының құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары хабарлады.
 
Облыс әкімдігі бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен жобаның 7,5 млрд. теңге болатын мемлекеттік сараптамадан өткізілген техникалық-экономикалық негіздемесін әзірленді.
 
Осыдан екі жыл бұрын, облыс әкімдігінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» №871 қаулысы қабылданды. Соның негізінде «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ-ның республикалық меншіктегі 100 % акциясы коммуналдық меншікке берілді.
 
2015 жылдың 14 желтоқсанында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС арасында Қызылорда қаласында өткізу қабілеттілігі сағатына 250 жолаушыны құрайтын жаңа жолаушылар терминалы құрылысының тұжырымдамасын әзірлеу және жобаны сүйемелдеуге келісім шарт жасалды.
 
Осы мақсатқа 2015-2017 жылдар аралығында облыстық бюджеттен 87,0 млн теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.
 


Ақпарат дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталы
  • Информационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»
  • АО «Фонд развития предпринимательства «ДАМУ»
  • Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»
  • Invest In Kazakhstan
  • Baiterek National Holding
  • ИПС Әділет
  • Европейский банк реконструкции и развития (ЕБРР)
  • EUROBAK - European Business Association of Kazakhstan
  • KOTRA
  • МИР РК
  • KazExportGarant
  • Казахстанский фонд фондов прямых инвестиций - АО Kазына Капитал Менеджмент
  • Национальное агентство по экспорту и инвестициям KAZNEX INVEST
  • АО НАТР
  • Банк развития Казахстана (БРК)