» » » ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ӨНДІРІС ОРНЫНДА БОЛДЫ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ӨНДІРІС ОРНЫНДА БОЛДЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абзал Ералиев, Генадий Шиповских Жалағаштағы «Агро Холдинг «Байқоңыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты қарасты күріш зауытының жұмысымен танысты.
 
Зауытта 60 мың тоннаға дейін астық қабылданып, тазаланып, кептіріліп сақталады. Қазіргі күні шаруашылықтарды тұқыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
 
Өндіріс орнында күріш ақтау, тұқым дайындау цехтары, дайын өнімдер қоймасы, өндірістік техникалық зертхана толық жұмыс істеп тұр. Жаңадан сатып алынған шетелдік заману қондырғылар арқылы тазарту жұмыстарының нәтижесінде кондициясы 2-3 кластық себу дәрежесіне жеткізілген бірінші репродукциялы тұқымдар дайындалды. Өндіріс орнының басшысы Манарбек Еспанов өңірдегі күріш тұқымын жаңғырту бағытындағы шаралар жайлы айтып өтті.
 
–Осыдан 2 жыл бұрын облыс әкімдігі бекіткен «Күріш дақылының элиталық тұқымдарын сатып алу» туралы бюджеттік инвестициялық бағдарламасы бойынша 81,9 млн теңге қаржыға Краснодар өлкесінен 333 тонна «Лидер», «Фаворит», «Янтарь» сорттарының элиталық тұқымдары сатып алынып, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы 3 тұқым өсіруші шаруашылықтың 1280 гектар егістік жеріне орналастырылды»,-деді зауыт басшысы.
 
Елімізде 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы қабылданды. Бір қуанарлығы, онда күріш дақылының бір гектарына берілетін субсидия сақталып қалды. Сонымен қатар жоғарғы өнімді қалыптастыру үшін күріш тұқымына берілетін субсидия көлемі өсті. Абзал Ералиев бұл Сыр өңіріндегі күріш өнімін өсіріп, тұқым дайындаумен айналысатын шаруашылықтар үшін мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен қолдау екенін атап өтті. «Агро Холдинг «Байқоңыр» ЖШС жұмысмен танысып, еңбек ұжымымен кездескен халық қалаулылары ауылшаруашылығын дамыту, жаңа технологияларды енгізу мәселелерін ортаға салып, жұмысшылар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс тілектерді назарға алды.
 
МАЖИЛИСМЕНЫ ОЗНАКОМИЛИСЬ С РАБОТОЙ ТОО «АГРО ХОЛДИНГ «БАЙКОНУР» 
 

  • Информационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»
  • АО «Фонд развития предпринимательства «ДАМУ»
  • Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»
  • Invest In Kazakhstan
  • Baiterek National Holding
  • ИПС Әділет
  • Европейский банк реконструкции и развития (ЕБРР)
  • EUROBAK - European Business Association of Kazakhstan
  • KOTRA
  • МИР РК
  • KazExportGarant
  • Казахстанский фонд фондов прямых инвестиций - АО Kазына Капитал Менеджмент
  • Национальное агентство по экспорту и инвестициям KAZNEX INVEST
  • АО НАТР
  • Банк развития Казахстана (БРК)