05 қазан 2017 ж, 20:14

ЕЛБАСЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жасаған сапарында Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы арқылы салынып жатқан шыны зауытының құрылысын көрді.

Сондай-ақ, Елбасы облыста іске асырылып жатқан инновациялық жобалар көрмесіне барды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт жұмысшыларымен, жергілікті тауар өндірушілермен және өңірде жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялардың өкілдерімен кездесті.
– Елімізде инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасалды. Бұл жұмысты жалғастыратын боламыз, – деді Қазақстан Президенті.  

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 197 мың тонна жалпақ шыны өндіруге жетеді. Бұл өнім ішкі нарыққа, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Түркияға жеткізілетін болады. Зауыт 2018 жылы іске қосылады деп жоспарланған.


Ақпарат дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталы

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ"QAZTECH VENTURES" АҚИнформационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»Invest In Kazakhstan