» » » «Байқоңыр» ӘКК АҚ жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды

«Байқоңыр» ӘКК АҚ жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды

«Байқоңыр» ӘКК» АҚ Директорлар Кеңесі шешімімен, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы болып Нурланбаев Ерлан Құмарбекұлы тағайындалды.

 

       Ерлан Құмарбекұлы 1972 жылы Талдықорған облысы Аксу ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономика» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қайнар университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.



        Еңбек жолын 1993 жылы Алматы қаласы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласының Бостандық ауданы, Түрксіб ауданы бойынша салық комитетінің Төраға орынбасары және Алматы облысы бойынша салық комитетінің Төраға орынбасары болып жұмыс атқарған. 2004-2008 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің төрағасы, 2008 жылдан 2010 жылға дейін - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап 2014 жылға дейін - Қарағанды облысы бойынша салық департаменті Төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 2015 жылдан 2017 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық бақылау департаментінің директоры қызметін атқарған. 2017 - 2019 жылдары Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарған.
      2019 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» РММ Төрағасының Орынбасары қызметін атқарған.

       Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталған:  Орден «Құрмет»; Медаль «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» Төс белгілер: «Салық қызметінің үздігі», «Қаржы қызметінің үздігі»
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • "QAZTECH VENTURES" АҚ
  • Информационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»
  • Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»
  • Invest In Kazakhstan
  • Baiterek National Holding
  • ИПС Әділет
  • Европейский банк реконструкции и развития (ЕБРР)
  • EUROBAK - European Business Association of Kazakhstan
  • KOTRA
  • KazExportGarant
  • Казахстанский фонд фондов прямых инвестиций - АО Kазына Капитал Менеджмент
  • АО «Национальная компания «KAZAKH INVEST»
  • Банк развития Казахстана (БРК)