Біздің облысымызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен болды.
Біздің облысымызда 4-5 ақпан күндері ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Мамытбеков жұмыс сапарымен болды. Жұмыс сапары барысында А.С.Мамытбеков және облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-мен агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы жұмысымен танысты. Осы ретте, қонақтар Жалағаш ауданында болып «Агро Холдинг «Байкоңыр» ЖШС-мен өңірдегі күріш кластерін дамытудағы, Республикадағы жалғыз ең үлкен Жалағаш күріш элеваторын жаңғырту жұмысы барысымен танысты. Сонымен қатар, қуаттылығы тәулігіне 150 тонна күріш өңдеу зауытының қосылуына қатысты.
Одан кейін қонақтар «Жан-Арай жем» ЖШС де болып, қуаттылығы тәуліген 80 тонна құрама жем шығаратын немістің Петхаус фирмасының зауытының құрылысы жобасының жүзеге асырылуымен танысты. «Жан-Арай жем» ЖШС «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Жанар-ай» ЖШС құрылған біріккен кәсіпорын болып табылады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Мамытбеков жұмыс сапарының қорытындысында «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-мен өңірде ауыл шаруашылығын жандандыру мен дамытудағы жұмысына оң баға берді.