08 шілде 2021 ж, 12:27

Картоп тауарының бағасын тұрақтандыру үшін займ бойынша хабарландыру

Хабарландыру

Қызылорда облысы әкімінің 2019 жылдың 19 қыркүйектегі №56 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру тетіктерін жүзеге асыру» Қағидасының ІІ-ші параграфы бойынша «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» АҚ (әрі қарай - ӘКК) өңірлік азық түлік тауарларының тұрақтандыру қоры бойынша мамандандырылған ұйымы ретінде Қызылорда облысының кәсіпкерлік субъектілерін картоп тауарының бағасын тұрақтандыру үшін займ алуға шақырады.

Займ мынадай талаптар сақталған жағдайда беріледі:

1) өз иелігінде немесе жалға алу құқығында сауда-логистикалық инфрақұрылымы бар және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте азық-түлік тауарларын тиісінше сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған қойма құрылыстары немесе арнайы жабдығы, материалдық-техникалық базасы бар субъектілер;

2) салық берешегінің болмауы;

3) қарыз алушының қарыз бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін жағдайының болуы;

4) қарыз алушының бұрын берілген қарыздар бойынша мерзімі өтіп кеткен берешегінің болмауы.

Кәсіпкерлік субъектісі міндетті түрде ӘКК-ның қарызды қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мынадай түрде беріледі: берілетін қаражаттың көлеміне сәйкес келетін сомаға бағаланатын жылжымайтын мүліктің кепілі (тұрғын емес ғимарат) және банктік кепілдендіру. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда рәсімделеді.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ"QAZTECH VENTURES" АҚИнформационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»Invest In Kazakhstan