» » » Облыс әкімі Қ. Көшербаев «Жан-Арай Жем» ЖШС-нің құрама жем шығаратын зауыт салу жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты

Облыс әкімі Қ. Көшербаев «Жан-Арай Жем» ЖШС-нің құрама жем шығаратын зауыт салу жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты

Үстіміздегі жылдың 15 қарашасында облыс әкімі «Жан-Арай» ЖШС мен «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ бірлесіп жүзеге асырып жатқан Қызылорда қаласында құрама жем зауытын салу жобасы жүзеге асырылып жатқан агроөнеркәсіптік аймақта болып, жобаның іске асырылу барысымен танысты.

Аким области К.Кушербаев ознакомился с ходом реализации проекта ТОО «Жан-Арай Жем» по строительству комбикормового завода 
 
Облыс әкімін жобаның жүзеге асырылу барысымен «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма төрайымы Ж. Самат таныстырды. Бүгінгі күнге құрама жем зауытының құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, технологиялық жабдықтарды электр қуаты көздеріне қосу жұмыстары жүргізілуде. Құрама жем зауытының жабдықтары әлемдегі дәнді-дақылдар өңдейтін жабдықтар шығарудағы алдыңғы қатарлы германиялық «Петкус» компаниясында дайындалған. Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 80 тонна құрама жем шығаруға мүмкіндік береді.

Аким области К.Кушербаев ознакомился с ходом реализации проекта ТОО «Жан-Арай Жем» по строительству комбикормового завода 

 
«Жан-Арай» ЖШС директоры Б. Махашев облыс әкіміне құрама жем зауыты салынып жатқан аймақта қосымша қуаттылығы тәулігіне 150 тонна күріш салысын өңдейтін күріш ақтау зауыты, шикізат және дайын өнімдер сақтайтын қоймалар, автотаразы мен зертхана, қалталау цехы, әкімшілік ғимараты, ұн тарту диірмені мен макарон шығару өндірістері орналасатын ғимараттардың құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, бұл жерде қосымша темір жол тұйығын кіргізу, азық-түлік өнімдерін сақтайтын қоймалар, мұздатқыш камералар, наубайхана, дәнді дақылдар сақтайтын силостар салу жоспарланып отырғандығын хабарлады. Агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асырылуы жоспарланған барлық жобалар іске қосылған кезде 250-ден астам жұмыс орындары ашылатын болады.
 
Аким области К.Кушербаев ознакомился с ходом реализации проекта ТОО «Жан-Арай Жем» по строительству комбикормового завода

  
Облыс әкімі нысанға инфрақұрылымдарды жеткізіп беру «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылғандығын атап өтіп, жобаны одан әрі дамытуға қолдау көрсету мақсатында жергілікті атқарушы орган тарапынан барлық қолдаудар көрсетілетіндігін атап өтті. Сөз соңында аймақ басшысы бұл нысанның өңірде мал шаруашылығын дамытудағы маңыздылығына тоқтала келе, серіктестіктің ұжымына алдағы уақытта табыс тіледі.
 

 
Аким области К.Кушербаев ознакомился с ходом реализации проекта ТОО «Жан-Арай Жем» по строительству комбикормового завода

 
Атап өту қажет, бүгінгі күнге облыс көлемінде өндірістік негізде құрама жем шығарумен айналысатын бірде-бір кәсіпорын жоқ. Алайда, өңірдегі төрт түлік мал басының артуына байланысты құрама жемге деген сұранысты артып келеді. Осы орайда, құрама жем өндірісі қазіргі таңдағы өз қажеттілігін көрсетіп отыр.
 
Сондай-ақ, аталған шараға «Нұр Отан» партиясының мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Н. Ерманов, Қызылорда облысы кәсіпкерлерінің өңірлік кеңесінің төрағасы А. Маханбетов, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен облыстық басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

 
Аким области К.Кушербаев ознакомился с ходом реализации проекта ТОО «Жан-Арай Жем» по строительству комбикормового завода
  • Информационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»
  • АО «Фонд развития предпринимательства «ДАМУ»
  • Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»
  • Invest In Kazakhstan
  • Baiterek National Holding
  • ИПС Әділет
  • Европейский банк реконструкции и развития (ЕБРР)
  • EUROBAK - European Business Association of Kazakhstan
  • KOTRA
  • МИР РК
  • KazExportGarant
  • Казахстанский фонд фондов прямых инвестиций - АО Kазына Капитал Менеджмент
  • Национальное агентство по экспорту и инвестициям KAZNEX INVEST
  • АО НАТР
  • Банк развития Казахстана (БРК)