13 маусым 2022 ж, 15:03

Хабарландыру

«Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» АҚ Қызылорда қаласы аумағында орналасқан 5 әлеуметтік дүкендерді өтеусіз пайдалануға беруге конкурс жариялайды (тізім тіркелді).


Конкурс жөнінде ақпаратты Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, 137 ғимараттан, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ мекен-жайынан және 8 778 917 95 91 байланыс телефоны арқылы алуға болады.


Конкурсқа қатысу үшін осы хабарламаға тіркелген «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның халыққа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатуға арналған әлеуметтік дүкендерді уақытша өтеусіз иелену және пайдалану Ережесінің №2-қосымшасына сәйкес өтінім білдіру қажет.

Пайдалану уақыты – 1 жылға дейін.


Конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілері қатысады. Кәсіпкерлік субъектілері салыққа, екінші деңгейлі банктерде қарызы болмауы, азық-түлік тасуға арналған 1 немесе оданда көп автокөлігі болуы, бір әлеуметтік дүкенді жалдау үшін кем дегенде 2 000 000 (екі миллион) теңгенің айналым қаражатына иелік ету қажет.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, 137 мекен-жайында орналасқан «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» АҚ- ның Тұрақтандыру қорының жұмысы жөніндегі басқармасының ғимаратында 2022 жылдың 14-20 маусым айының  жұмыс күндері сағат 09:00 ден сағат 19:00 аралығында қабылданады.




«Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» АҚ Қызылорда қаласы аумағында орналасқан 5 әлеуметтік дүкендерді өтеусіз (ақысыз) пайдалануға беретінін хабарлайды (тізім тіркелді).


Ақпаратты Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, №137 мекен-жайында орналасқан, «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» АҚ-ның, ресми интернет-ресурстан www.spk-baikonur.kz және 8 778 917 95 91 байланыс телефоны арқылы толық ақпарат алуға болады.


Өтінімдерді қабылдау Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, №137 мекен-жайында орналасқан «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» АҚ-ның ғимаратында, 14-20 маусым күндері сағат 09.00-ден сағат 19.00 аралығында қабылданады.

                      

                        Әлеуметтік дүкендердің тізімі

Дүкен орналасқан жері

Көлемі

1

Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы, «Small» СҮ алды

40м²

2

Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Бозгулов көшесі, нөмірсіз

(Балалар ауруханасының жаны)

37 м²

3

Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Сейтпенбетов көшесі, нөмерсіз (№272 мектеп жаны)

35м²

4

Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі, нөмерсіз

40 м2

5

Қызылорда қаласы, Маханбетов ауылы, Жонбаев көшесі, нөмерсіз

40м2

 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ"QAZTECH VENTURES" АҚИнформационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»Invest In Kazakhstan