17 қараша 2014 ж, 10:14
Қызылорда қаласына ЕҚҚДБ-нен ұсынылған грант қаражатына ETC Transport Consultants GmbH (Германия) кеңесшілерінің келуі
«Қызылорда Автобус паркі» жобасын жүзеге асыру шеңберінде 2014 жылдың 5-ші қарашасында Қызылорда қаласына ЕҚҚДБ-нен ұсынылған грант қаражатына ETC Transport Consultants GmbH (Германия) кеңесшілері келді.
Осы жұмыстың негізгі мақсаты «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Қызылорда «Автобус паркі» ЖШС (Компания) тиімді, тұрақты компания құру үшін институционалдық әлеуетін арттыру болып табылады.
Кеңесшілердің міндеттері мыналар:
• Компанияның ұйымдастыру құрылымдары мен қызметтерін дамыту;
• Компания және қала арасында шекті келісім дайындау;
• Шартты дайындауда көрсетілген қызмет және бақылауда қолдау көрсету;
• қаржылық менеджментті және Компанияның есепке алу жүйелерін жақсарту және т.б;
• Компанияның қалалық қоғамдық көліктерінің формалды түрде бірыңғай билет жүйесін жобалаумен, дайындығы және жүзеге асыруына көмегі .