» » » Қызылордада ІV «Байқоңыр» инвестициялық форумы өтті

Қызылордада ІV «Байқоңыр» инвестициялық форумы өтті

«Еуразиялық экономикалық одақ жағдайындағы облыстың жаңа инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыбында өтіп жатқан ІV Байқоңыр инвестициялық форумының екінші күнінде бірнеше әлем елдерінің бизнес-қауымдастығы өкілдері, банк басшылары, қаржы институты жетекшілерімен шетелдік дипломатиялық миссия өкілдерінің қатысуымен пленарлық мәжіліс өтті.
 
Форумды ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев оны өткізудегі мақсат Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру, тиімд іскерлік қатынастарды дамыту, өлкедегі өндіріс саласымен шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, оларды шешу жолдарын ортаға салу екенін айтты.
 
Экономиканың және өнеркәсіптің түрлі салаларының дамуы бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері, республикалық және халықаралық ғылыми және бизнес ұйымдарының өкілдері баяндамалар жасады. Еуразиялық экономика комиссиясының мүшесі, Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министр Тимур Сүлейменов Еуразиялық кеңістіктегі экономика мен өндірісті дамыту ерекшеліктерінің тиімділігі туралысөз қозғап, инвестициялық қолайлы климатты қамтамасыз ету мемлекет алдындағы маңызды міндет екенін атап өтті.
 
Форум барысында Еуразиялық даму банкі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ және Түріктің Ходжаелі провинциясының сауда саттық палатасымен өзара ынтымақтастық туралы, «Астана Экспо» халықаралық ұйымымен сувенерлік өнім мен қолөнер заттарын дайындау бойынша, сонымен қатар «ЮжАвтострой» компаниясымен жел электростанциясын салу жөнінде меморандумдарға қол қойылды.
 
Форум жұмысы «Қызылорда облысының басым бағыттарындағы инновациялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстар», «Ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру», «Мемлекеттік-жеке серіктестік -аймақты дамыту стратегиясының механизмі» тақырыптарында секциялық жиындармен қорытындыланды.

 

IV Инвестиционный форум «Байконыр» сотрудничество в условиях ЕАЭС

  • Информационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»
  • АО «Фонд развития предпринимательства «ДАМУ»
  • Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»
  • Invest In Kazakhstan
  • Baiterek National Holding
  • ИПС Әділет
  • Европейский банк реконструкции и развития (ЕБРР)
  • EUROBAK - European Business Association of Kazakhstan
  • KOTRA
  • МИР РК
  • KazExportGarant
  • Казахстанский фонд фондов прямых инвестиций - АО Kазына Капитал Менеджмент
  • Национальное агентство по экспорту и инвестициям KAZNEX INVEST
  • АО НАТР
  • Банк развития Казахстана (БРК)