» » » Қызылорданың автобустарында тегін интернет пайда болды

Қызылорданың автобустарында тегін интернет пайда болды

В автобусах Кызылорды появился бесплатный интернет«Қызылорда» Автобус паркі» ЖШС және Beeline Қазақстан компаниясы Қызылорда қаласында өзінің «Wi-Fi Bus» республикалық жобасын бастады. Қазіргі таңда еліміздің бірнеше қаласында 140-тан астам автобус өз жолаушыларына тегін интернетті қолдану мүмкіндігін сыйлауда. Қалалық автобустарда 3G Wi-Fi-роутерлерді әлемдік желіге тегін қосылу мүмкіндігін беретін аспаптар орнатылуда.
 
Қызылордада дәл қазіргі уақытта 20 автобус осындай жабдықпен жабдықталған. Алдағы уақытта автобустардың санын арттыру жоспарланып жатыр. Интернетке қосылу үшін Wi-Fi қолдану мүмкіндігі бар құрылғы – смартфон, планшет немесе ноутбук болса жеткілікті.
 
Айта кетерлігі, бұл жобаның басты әріптесі болып саналатын «Қызылорда» Автобус паркі» ЖШС-не қарасты автобустарға орнатылған.
 
«№18 маршрут кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл бағыттағы автобус қаладағы ең ұзақ жол жүреді және жолаушыларының басым бөлігі интернетті көп пайдаланатын жоғарғы оқу орнының студенттері», - дейді «Қызылорда» Автобус паркі» ЖШС-нің пайдалануға беру бойынша директор орынбасары Бөрібай Өтегенов.
 
«Wi-Fi Bus» жобасы Beeline ұсынған 3G желісі арқылы жүзеге асырылып, тұтынушыларға жоғарғы жылдамдықты мобилді интернетті Қазақстанның барлық жерінде қолдануға мүмкіндік береді.
 
«Мұндай жобаны республика көлемінде алғашқы ашқан Beeline компаниясы. Қала тұрғындары үшін жоғарғы жылдамдықты интернет ұсына отырып, біз оларға өз танымы мен қызығушылығы деңгейін кеңейтуге мол мүмкіндік тудырып отырмыз», - деді «Номад палас» қонақ үйінде өткен жобаның презентациясы барысында журналистерге берген сұхбатында компанияның бас атқарушы директоры Алексей Бенздь.
  • Информационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»
  • АО «Фонд развития предпринимательства «ДАМУ»
  • Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»
  • Invest In Kazakhstan
  • Baiterek National Holding
  • ИПС Әділет
  • Европейский банк реконструкции и развития (ЕБРР)
  • EUROBAK - European Business Association of Kazakhstan
  • KOTRA
  • МИР РК
  • KazExportGarant
  • Казахстанский фонд фондов прямых инвестиций - АО Kазына Капитал Менеджмент
  • Национальное агентство по экспорту и инвестициям KAZNEX INVEST
  • АО НАТР
  • Банк развития Казахстана (БРК)