«Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның Sunshine Kaidi New Energy Group Co., Ltd. (ҚХР) компаниясымен бірге даму келешегі
2014 жылдың 18-ші тамызында Sunshine Kaidi New Energy Group Co., Ltd. (ҚХР) компаниясының халықаралық бизнес жетекшісі Ли Хуелин мырзаның Қызылорда облысына қызметтік іссапары болды. «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-мен кездесу ұйымдастырылып, келешекті жобалар бойынша презентация көрсетілді. Компания энергетикалық жобалар бойынша бағыт алған, атап айтқанда биомассаны, күріш қабығын қайта өңдеу арқылы жылы және электр энергиясына айналдырады. Кездесу барысында аталған салада бірлесу келешегі талқыланды және байланыс орнады.