Облыс әкімі Қызылорда қаласына келген табиғи-сығылған газбен жүретін алғашқы топтамасы 10 автобусты ұсынды

Бүгін ЕДҚҚБ-і мен бірге «Қызылорда қаласындағы автобус паркінің құрылысы» біріккен жобасы аясында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қатысуымен табиғи-сығылған газбен жүретін алғашқы топтамасы 10 автобустың тұсаукесу рәсімі өтті.
«Қызылорда автобус паркі» ЖШС директоры А.Нақып облыс әкімін автобустың техникалық жабдықталуымен таныстырды. Бұл автобустар мүмкіндігі шектеулі жандардың мінуіне және түсуіне арналған аппарельдермен, бейне бақылау, GPS жабдықталған және 72 жолаушыға дейін сыяды.
Берілген автобустар жолаушылардың кең автобуста ыңғайлы жүруін қамтамасыз ете отырып әлеуметтік-маңызы бар қалалық №1 бағыт бойынша жүретін болады.
Табиғи-сығылған газбен жүретін автобустардың келесі жеткізілімі кестеге сәйкес ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін екі топтамамен күтілуде.
Сонымен қатар, шараға Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ы Басқарма төрайымы Ж.Самат, Облыстық маслихат хатшысы А. Альназарова, облыстық маслихат Депутаттары, «Жан-Арай» ЖШС директоры Б.Мақашев, «Бөген» СДО ЖШС директоры А.Ерхатов қатысты.