» » » Кепілдікті қамтамасыз етілуін бағалауды жүзеге асыратын бағалау ұйымдарын анықтау үшін конкурс

Кепілдікті қамтамасыз етілуін бағалауды жүзеге асыратын бағалау ұйымдарын анықтау үшін конкурс

Күні: 09.12.2015 жыл 
 
ХАБАРЛАНДЫРУ
Кепілдікті қамтамасыз етілуін бағалауды жүзеге асыратын бағалау ұйымдарын анықтау үшін конкурс
 
Қызылорда қаласы 09 желтоқсан 2015 жыл
 
«Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының екінші бағыты бойынша уәкілетті өңірлік ұйым болып табылуына байланысты, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығының 3 қосымшасына сәйкес бекітілген "микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасы" негізінде МҚҰ-ның "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының қатысушылары кепілдікті қамтамасыз етілуін бағалауды жүзеге асыратын бағалаушыларды (бағалау ұйымдарын) анықтау үшін конкурс өткізілетіндігін жариялайды.
 
Конкурсқа қатысу үшін бағалаушы келесі құжаттарды ұсынады:
 
1) Конкурсқа қатысуға заңды және жеке тұлғалар үшін өтiнiм (Ереженің 1, 2 қосымшасы);
2) техникалық ерекшелiк (ереженің 3 қосымшасы);
3) бағалар кестесi (ереженің 4 қосымшасы);
4) бiлiктiлiк туралы мәлiметтер (ереженің 5 қосымшасы);
5) мүлікті бағалау жөніндегі қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензиясының нотариат куәландырған көшірмесі;
6) жарғыдан немесе құрылтайшы немесе құрылтайшы құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтай құжаттарынан әлеуеттi қатысушы орындайтын қызмет түрлерiнiң тiзбесiмен жарғыдан нотариат куәландырған үзiндi көшiрме;
7) қолтаңбалардың және мөртабанының үлгiлерi бар нотариалды куәландырылған карточка;
8) мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмесi (заңды тұлғалар үшін) немесе жеке кәсіпкердіңь мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
9) КҰ-ның банктiң (банктердiң) алдында мерзiмi асқан берешегiнiң жоқтығы туралы банктiң (банктердiң) бiрiншi басшысының немесе расталуы болғанда оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған банктiң (банктердiң) мөрi соғылған анықтамасының түпнұсқасы (егер КҰ екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Егер банк анықтамасына оны берген банктiң бiрiншi басшысы қол қойған жағдайда, банк анықтамасына қол қойған адамның қол қою құқығын растайтын құжат (сенiмхат) қоса берiлуi қажет;
10) төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №622 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша салық берешегі мен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздың жоқтығы туралы конкурс жариялану мерзімінен бұрын берілген анықтамасының түпнұсқасы;
11) бiрiншi басшының немесе оның орнын басатын адамның, бас бухгалтердiң (бухгалтердiң) қолымен бекiтiлген, қалыптасу күнi және сипаты көрсетiлген кредиторлық және дебиторлық берешектер таратылып жазылған қосымшамен соңғы есептiлiк күнiне (тоқсан) қаржылық есептiлiгiнiң түпнұсқасы;
12) бағалаушының бағалау палатасының бірінің мүшесі болып табылатынын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
13) қызметкерлер туралы мәліметтер;
14) жұмыс тәжірибесі туралы мәлімет;
15) бағалаушының кәсіби қызметіне қатысты қозғалған қылмыстық істер, бағалау саласы бойынша өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен органдар тарапынан тәртіптік санкциялар, қарсылықтар, төмен дәрежедегі кәсіпқойлығын немесе біліксіздігін дәлелдейтін сот шешімдерінің бар немесе жок екендігі туралы мәліметтер;
16) Банкінің, бағалаушыны кепілдеме мақсаттағы активтерді бағалау саясындағы серіктес ретінде жазбаша түрдегі немесе есептер тізбесі тану туралы мәліметтері, немесе банкпен қызметтестік ара-қатынас фактілері,
17) кредиттік ұйымдарымен қызметтестік тәжірибесі жөнінде мәліметтер;
18) төмендегі мәліметтер -есептердің сапасына сапаны бақылаудыңқұжаттамалық суреттелген жүйесінің компания стандарттары түріндегі немесе есептерді тексеру тәртібі және бағалау тәртібі бойынша нақты ішкі нұсқаулар; - есептерді бақылау функциясын бөлінген бағалаушы сарапшыға бекіту; - клиенттер мен кері байланыстың бары туралы;
19) бағалаушының материалдық активтері туралы. бағалау қызметтерді асыру үшін жылжымалы мүліктің, кеңсе және де басқа техникалардың пайдалану құқығын растайтын құжаттар, бағалаушының материалды активтерін бар екендігі туралы дәлелдемелер болып табылады;
20) бағалаушыда нарықтық ақпараттың дерекқорына рұқсатының бары туралы.
 
Өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі және орны 2015 жылдың желтоқсан айының 25-ші жұлдызындағы, жергілікті уақытпен сағат 10-00-ге дейін, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі 42, «Бастау» бизнес орталығының ғимараты, 11 қабат, «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» ҰК» АҚ, Заң департаменті.
 
Толыққанды мәліметті 8/7242/60-51-03 телефоны арқылы алуға болады, байланыс тұлғасы Нұрмағамбетов Н.Ж.
11 желтоксан 2015 г. 1 262
  • Информационно-аналитический портал АО «Самрук-Казына»
  • АО «Фонд развития предпринимательства «ДАМУ»
  • Международная специализированная выставка «Астана ЭКСПО-2017»
  • Invest In Kazakhstan
  • Baiterek National Holding
  • ИПС Әділет
  • Европейский банк реконструкции и развития (ЕБРР)
  • EUROBAK - European Business Association of Kazakhstan
  • KOTRA
  • МИР РК
  • KazExportGarant
  • Казахстанский фонд фондов прямых инвестиций - АО Kазына Капитал Менеджмент
  • Национальное агентство по экспорту и инвестициям KAZNEX INVEST
  • АО НАТР
  • Банк развития Казахстана (БРК)