Объявление
«Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» АҚ Қызылорда қаласы аумағында орналасқан 5 әлеуметтік дүкендерді өтеусіз пайдалануға беруге конкурс жариялайды (тізім тіркелді).
Конкурс жөнінде ақпаратты Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, 137 ғимараттан, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ мекен-жайынан және 8 778 917 95 91 байланыс телефоны арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысу үшін осы хабарламаға тіркелген «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның халыққа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатуға арналған әлеуметтік дүкендерді уақытша өтеусіз иелену және пайдалану Ережесінің №2-қосымшасына сәйкес өтінім білдіру қажет.
Пайдалану уақыты – 1 жылға дейін.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілері қатысады. Кәсіпкерлік субъектілері салыққа, екінші деңгейлі банктерде қарызы болмауы, азық-түлік тасуға арналған 1 немесе оданда көп автокөлігі болуы, бір әлеуметтік дүкенді жалдау үшін кем дегенде 2 000 000 (екі миллион) теңгенің айналым қаражатына иелік ету қажет.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, 137 мекен-жайында орналасқан «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» АҚ- ның Тұрақтандыру қорының жұмысы жөніндегі басқармасының ғимаратында 2022 жылдың 14-20 маусым айының жұмыс күндері сағат 09:00 ден сағат 19:00 аралығында қабылданады.
«Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» АҚ Қызылорда қаласы аумағында орналасқан 5 әлеуметтік дүкендерді өтеусіз (ақысыз) пайдалануға беретінін хабарлайды (тізім тіркелді).
Ақпаратты Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, №137 мекен-жайында орналасқан, «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» АҚ-ның, ресми интернет-ресурстан www.spk-baikonur.kz және 8 778 917 95 91 байланыс телефоны арқылы толық ақпарат алуға болады.
Өтінімдерді қабылдау Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, №137 мекен-жайында орналасқан «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» АҚ-ның ғимаратында, 14-20 маусым күндері сағат 09.00-ден сағат 19.00 аралығында қабылданады.
Әлеуметтік дүкендердің тізімі
№ | Дүкен орналасқан жері | Көлемі |
1 | Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы, «Small» СҮ алды | 40м² |
2 | Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Бозгулов көшесі, нөмірсіз (Балалар ауруханасының жаны) | 37 м² |
3 | Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Сейтпенбетов көшесі, нөмерсіз (№272 мектеп жаны) | 35м² |
4 | Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі, нөмерсіз | 40 м2 |
5 | Қызылорда қаласы, Маханбетов ауылы, Жонбаев көшесі, нөмерсіз | 40м2 |